Сәтбаевтағы жылу энергетикасы кәсіпорнынан шыққан қою түтінге байланысты тексеру басталды
Сурет: Zakon.kz
Сәтбаевтағы қазандық мұржасынан шыққан түтінге байланысты тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлытау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Сәтбаевтың қазандық мұржасынан (Жылу энергетикасы кәсіпорны) қою қара түтін шығып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.
"Жылыту маусымы барысында қалада 4 қазандық жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Осы уақыт ішінде барлығы 360 мың тонна көмір жұмсалады. Осыған байланысты көп мөлшерде түтін шығарылуы мүмкін. Атмосфераға зиянды шығарындылардың адам денсаулығына теріс әсеріне алаңдайтын белсенділердің ақпараты негізінде арнайы экологиялық тексеру жүргізіледі". Ұлытау облысының әкімдігі
Оның нәтижелері жуырда жарияланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript