Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей қазақстандық көмір транзитін тоқтатты – ИИДМ не дейді?

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2021 18:27 pixabay
Мәскеу Украинаға қазақстандық көмір транзитін тоқтатты.

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Киевтің қазақстандық көмірдің транзитін тоқтату туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түсініктеме Жоғарғы Рада Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің басшысы Андрей Герустың сөзінен кейін болды. Ол "Мәскеу Украинаға қазақстандық көмір транзитін тоқтатты" деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қараша айында тасымал түгелдей тоқтатылған.

Ресей темір жолдары қазақстандық көмір тиелген вагондардың Ресей арқылы өткенін растамады, - деп жазды ол Telegram-да.

Сондай-ақ, Герус шектеу тек энергетикалық көмірге енгізілгенін, оның кокс көміріне қатысы жоқ екенін айтты.

ҚР ИИДМ жағдайды түсіндірді.

"Ресей көмір транзитін толығымен тоқтатқан жоқ, бірақ Ресей тарапынан инфрақұрылымның жүктелуіне байланысты кейбір шектеулер бар", - деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: