Павлодарда заңсыз схемамен ақша жасаған Ысқақов сотталды

Қолма қол ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2021 11:38 Zakon.kz
Қаражатты криминалдық қолма-қол ақшаға айналдыру дерегінің жолы кесілді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны П.Ысқақовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

П.Ысқақов екі жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға жәрдемдескен.

Заңға қайшы схемаға ол бақылауындағы 4 жалған фирманы –«Трейд Маркет KZ» ЖШС, «Каз Кызмет 2050» ЖШС, «КазСтокИнвест» ЖШС және «Жолбарыс 2050» ЖШС пайдаланды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Осылайша мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 827 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

П.Ысқақов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: