Желідегі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағалары жайлы ақпарат - фейк
"Кез келген дүкенге кіріңіздер, бағасы бір теңгеге жоғары болса – әкімдікке қоңырау шалыңыз және дүкенді дереу жабады. Санэпидстанция, монополияға қарсы, статистика келіп, дүкенді бірден жабады. Сатушылардан осы бағаларды талап етіңіз", делінген дүдамал хабарламада.
Сауда және интеграция министрлігі шекті бағаларды әрбір өңір үшін жергілікті атқарушы органдар жеке белгілейді және олар елдің басқа өңірлерінде қолданылмайтынын баса айтады.
Ақпараттық хабарламада көрсетілген бағаларды Алматы облысының әкімдігі өңір бойынша ӘМАТ бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінің деңгейін жария талқылау үшін ашық көздерде орналастырған болып шықты.
Шекті мәндер бағалардың ауытқуын мониторингілеу және бақылау үшін бекітілгенін және ӘМАТ-қа нарықтық бағалардың жай-күйін бағалаудың бағдары ретінде қызмет ететінін атап өткен жөн. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі
Шекті мәннен асқан кезде шекті бөлшек сауда бағалары енгізіледі, оларды сақтамау әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.