Алматы облысында ірі жүк тиеу терминалы ашылады
Жуырда экспорттық, сондай-ақ импорттық бағытта жүктерді ауыстырып тиеуге, сақтауға және қоймалауға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Мысалы, «DAR RAIL Infrastructure» компаниясының Достық станциясындағы құны 25 млрд.теңге болатын, 150 жұмыс орнын құраты жүк тиеу терминалының құрылысын айтуға болады. Жоба Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өтетін жылына 9 млн.тоннаға дейін жүк пен 300 мың контейнерді тиеуді, сақтауды және қоймалау көзделген. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев
Минералдық шикізатты өндіру және қайта өңдеу саласына да баса назар аударылатын болады. Облыста уран-көмір кен орындарының бірегей қорлары, сондай-ақ марганец, вольфрам, алтынның бекітілген қорлары, пайдалы қазбалардың үлкен көлемді кен орындары бар.
Алматы тау кластері аясында жалпы сомасы 546,7 млрд.теңгеге 8 жобаны жүзеге асыру және 6 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.
2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімдегі туризмнің үлесі 6%-ға дейін артады, - деді спикер.
Жалпы облыстың 2025 жылға дейінгі инвестициялық портфелі құрылып, оған 19 мың адамға жұмыс беретін жалпы сомасы 2,8 трлн. теңге болатын 289 жоба енгізілді.