Мұнай жөнелтудің баламалы бағыттары бойынша мүмкіндіктер пысықталуда – министрлік

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2022 17:35 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Экономика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы ахуалға байланысты мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомства синоптиктердің мәліметіне сілтеме жасай отырып, Новороссийскте қатты дауыл өтіп, желдің жылдамдығы 35 м/с-қа дейін жеткенін, бұл Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалының жұмысына әсер еткенін хабарлайды.

22 наурыздағы КҚК ақпаратына сәйкес, кезектен тыс инспекцияның қорытындысы бойынша үшінші шығару айлақтық құрылғысының (ШАҚ) жүзбелі шлангілерінің бірінің күштік қаңқасының ығысуы түріндегі зақымдануы, сондай-ақ ШАҚ-2 ішкі жеңінің шлангілерінің зақымдануы анықталды. Осыған байланысты КҚК-мы жуу және жөндеу жүргізу үшін көрсетілген ШАҚ-ты пайдаланудан уақытша шығару туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі КҚК-мен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізуде, бұл ретте баламалы бағыттар бойынша мұнайды экспортқа жөнелту мүмкіндіктері пысықталуда. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: