СҚО-да шекаралас елді-мекендерге қатынайтын электр пойыздары қайта іске қосылады
Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысында "Петропавл – Есілкөл" және "Петропавл – Петухово" бағыттары бойынша электр пойыздарының қозғалысы екі жылдан кейін қайта іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов пен Оңтүстік Орал темір жолының бастығы Игорь Рязанов арнайы өткен кездесуде темір жол саласын дамыту, сондай-ақ жолаушылар тасымалы мәселелерін талқылады. Бұл туралы әкім өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Петропавл-Есілкөл» және «Петропавл-Петухово» электр пойыздарының қозғалысын жандандыруға келістік. Көліктің бұл түрі шекаралас облыстардың тұрғындары арасында сұранысқа ие.СҚО әкімі Құмар Ақсақалов
Электр пойыздарының қозғалысы екі жыл бұрын пандемияға байланысты тоқтап қалған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript