Жаңалықтар тізбегі
0

Дүниежүзілік банк: Бұл – 1970 жылдардан бергі ең алғашқы ауқымды жоқшылық болмақ

Дүниежүзілік банк мәлімдемесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 19:44 Сурет: pixabay
Дүниежүзілік банк Украинадағы дағдарыстың аясында азық-түлік пен энергия ресурстары бағасының қымбаттауы сауда мен өндірістегі үзілістерге байланысты 2024 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұның салдарын бүкіл әлемдегі адамдар сезінеді. Энергия ресурстарынан бастап бидай мен мақтаға дейінгі барлық маңызды тауарлардың баға өсімі күтіледі, деп жазады Bloomberg.

Жалпы, бұл 1970 жылдардан бері бастан кешіп отырған алғашқы ең үлкен тауар жоқшылығы. Сол кездегідей, бұл жағдай азық-түлік, отын және тыңайтқыш саудасындағы шектеулердің өсімімен күрделене түседі. Дүниежүзілік банктің Әділ өсім, қаржы және институттар мәселелері жөніндегі вице-президенті Индермит Гилл

Украинадағы дағдарыс әлемдік инфляцияның сақталуына ұзақ уақыт бойы түрткі бола алады, ал тыңайтқыштардың қымбаттауына әкеліп соғатын энергия ресурстары бағасының өсімі азық-түлік тапшылығына алып келеді және жаһандық кедейлікті төмендету бағытындағы прогресті тежейді.

Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, Еуропада көмір мен табиғи газдың бағасы рекордтық жоғары деңгейге жетті: биыл газ 2021 жылмен салыстырғанда екі еседен аса қымбаттауы мүмкін. ДБ сарапшылары бидай бағасының 40% - дан астам қымбаттауын және 2022 жылдың соңына дейін газ бағасының екі есе өсетінін болжайды. Brent келісімшарттар бойынша бір баррелі орташа есеппен 100 доллар деңгейінде саудаланады. Металдардың бағасы 2022 жылы 16% - ға өсіп, ол 2023 жылы төмендейді, бірақ баға жоғары деңгейде қала береді.

Тауар нарықтарының болашақ жағдайы Украинадағы қақтығыстың қаншаға созылатындығына және санкциялар ауқымына тікелей байланысты болса да, тауар нарықтарының зардап шеккен арналары сақталып қалуы мүмкін деп болжанады. Дүниежүзілік банк сарапшыларының есебінен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: