Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Үндістан, Қытай, Иран азаматтары үшін визасыз режим енгізді

Виза, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2022 16:30 Сурет: Zakon.kz
2022 жылдың 8 шілдесінен бастап Қазақстан Үндістан, Иран және Қытай азаматтары үшін біржақты визасыз режим енгізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте Үндістан мен Қытай үшін берілген арнайы 72 сағаттық визасыз транзиттік режим өз қолданысын тоқтатты, делінген ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің хабарламасында.

Визасыз режим шарттарына сәйкес, Үндістан, Иран және Қытай азаматтары шекарадан өткен сәттен бастап 14 күнге Қазақстанға визасыз келіп, жүріп-тұра алады. Іскерлік, туристік және жеке мақсаттағы сапарларға рұқсат етіледі.

Ведомствода атап өткендей, Қазақстанда визасыз режим бойынша жүріп-тұрған бар уақыт әрбір 180 күндік кезең ішінде 42 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Бұл шартты бұзған жағдайда шетелдіктер мынандай әкімшілік жауапкершілікке тартылады:

  • 10 АЕК-тен 25 АЕК-ке дейін айыппұл;

  • 15 тәулікке дейін қамауға алу;

  • Қазақстан Республикасынан тысқары шығару;

  • 5 жыл ҚР-ға кіруге тыйым салу (сот шешімі бойынша).

Бұдан басқа, шетелдік азаматтарға визасыз режим шеңберінде еңбек етіп, өзге де ақы төленетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады. Ондай жағдайда қабылдаушы тарап алдын ала Қазақстанда жұмыс істеуге тиісті рұқсатты және визаны рәсімдеуі қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: