Дизель отыны бойынша биржадағы сауда-саттықты тоқтата тұру туралы шешім қабылданды
Қазақстанда дизель отынына қатысты туындаған мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) жағдайды түзеу үшін түбегейлі шаралар қабылдады.
Өткен аптада Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында дизель отынына шекті бағаның өсу фактілері анықталды. БҚДА аумақтық бөлімшелері жүргізген баға мониторингінің қорытындысы бойынша әкімшілік хаттамаларды жасау үшін материалдар Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне жіберілді. Дизель отынының бағасын тұрақтандыру үшін БҚДА жанындағы биржалық комитет биржалық сауда-саттықты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. БҚДА
Жанар-жағармай құю бекетінде дизель отынын таңдап сату тәсілінің, яғни Қазақстан Республикасының азаматтарына дизель отынын сатпай, есесіне, шетелдіктерге өткізген жағдайдың куәгері болсаңыз, онда БҚДА өздеріне видеофакті бойынша шағым түсіруді сұрайды.
Бастапқы және қайталама қайталама сауда нарықтарына қатысушылардың бағаны көтеруінің негізділігі де монополияға қарсы тексерулерге себеп болып саналады.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кәсіпкерлерді бәсекелестік заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға және Қазақстан азаматтарына дизель отынын толық көлемде, шектеусіз сатуды қамтамасыз етуге шақырады.
Дизель отынына шекті бағаның өсу фактісі болса, азаматтарды Экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (телефон нөмірлерінің тізімі слайдта), ал, дизель отынын өткізуден бас тартқан кезде - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелеріне (телефон нөмірлерінің тізімі слайдта), сауда жасайтын және қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер немесе ұйымдар алданған кезде - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласуға болады.