Қарашығанақ кен орыны мұнай өндіруді тоқтатады
Сурет: psa.kz
Қазақстанның ең ірі мұнай кеніші – Қарашығанақ кен орнында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 12 қыркүйектен бастап 6 қазанға дейін мұнай өндірілмейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады.
12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қарашығанақта мұнай өндіруді тоқтату жоспарланған, делінген хабарламада.
Қарашығанақ кен орны - әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Ондағы барланған мұнай қоры 1,2 млрд тоннаны, газ қоры 1,35 трлн текше метрді құрайды. Мұнда мұнай игеру жұмыстарын 1997 жылы халықаралық консорциум қолға алды: Shell (29,25%), Eni (29,25%), Chevron (18%), "Лукойл" ҰК (13,5%), "ҚазМұнайГаз" (10%)
Тамыз айының соңында Каспий құбыр консорциумы ҚБҚ-1 және ҚБҚ-2 (қашықтан байлау құрылғылары) айлақтарының уақытша істен шыққаны мәлімдеді. Дегенмен бұл кезде ҚБҚ-3 арқылы бойынша мұнай айдау шектеусіз жүзеге асырылып жатты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript