Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет 2023-2025 жылдарға арналған жалпы ішкі өнімнің өсу болжамын жариялады

ҚР Парламенті мәжілісі, республикалық бюджет жобасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 13:25 Сурет: pexels
Қазақстан үкіметі 2023-2025 жылдары ЖІӨ өсімі 4-4,1% деңгейінде болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында айтылғандай, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, 2023-2025 жылдарға арналған бюджет параметрлеріне және Президенттің тапсырмалары негізінде ҚР Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді.

Республикалық бюджет жобасын әзірлеу кезінде базалық сценарий негіз ретінде алынды.

2023-2025 жылдары ЖІӨ нақты өсімі 4-4,1% деңгейінде болжануда. Атаулы ЖІӨ 2023 жылы 120,7 триллион теңгеден 2025 жылы 146,5 триллион теңгеге дейін өседі. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2023 жылы 13,2 мың доллардан 2025 жылы 15,6 мың долларға дейін өседі. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті

Қазіргі динамика сақталса, 2022 жылы мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 100 доллардан асады. Орта мерзімді перспективада болжам барреліне 85 доллардан анағұрлым консервативті бағаны қамтиды.

Ұлттық банк инфляцияның мақсатты дәлізін 2023 жылы 7,5-9,5%, 2024 жылы 4-5%, 2025 жылы 3-4% дейін төмендетеді, - делінген қорытындыда.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: