ҚТЖ вагондардағы жоғары орынға қарастырылған жеңілдіктің күші неге жойылғанын түсіндірді

Түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2022 19:10 Сурет: Zakon.kz
"Қазақстан темір жолы" АҚ бес коммерциялық пойызда жоғары орындарға арналған билетке жеңілдіктер қарастыру жайлы алдында жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, "Жолаушылар тасымалы" АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына дифференциальды тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлаған.

Олардың пікірінше, төменгі орындағыға қарағанда жоғарғы орындағы жолаушының билет құны арзандау болуы керек, өйткені ол тамақтану, демалу кезінде кейбір қолайсыздықтарға тап болады.

Жолаушылардың талап-тілектері ескеріле отырып, дифферециальды тәсіл бойынша үш айға арналған жобаны пилоттық режимде іске қосу туралы шешім қабылданды, ол бойынша жоғарғы орындар төменгі орындармен салыстырғанда 20 пайызға арзан болуы тиіс еді, - деді "Қазақстан темір жолы" АҚ.

Мәселен, Астана-Алматы бағыты бойынша купе вагонның жоғарғы орыны 11 583 теңге, төменгісі 13 958 теңгені құрауы керек болатын. Ал қазір вагондағы орындардың құны бірдей: 13 958 теңге.

Алайда, қоғамдық пікірді мониторингілей келе, коммерциялық пойыздардағы вагондардың жоғарғы орындарына жеңілдіктер енгізу жөніндегі пилоттық жобаның күші жойылды.

27 қазанда Қазақстанда 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың вагондарында жоғарғы орындардың билеті 20 пайызға арзандайтындығы туралы ақпарат жарияланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: