Сарапшылар жаһандық экономикалық өсу 2009 жылғы дағдарыс деңгейіне дейін баяулайды деп дабыл қақты

экономика, инфляция, графика, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 18:39 Сурет: pexels
Келесі жылы жаһандық экономика 2009 жылғы қаржы дағдарысынан кейінгідей әлсіз болады дейді сарапшылар Халықаралық қаржы институты экономистерінің пікіріне сілтеме жасай отырып, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылардың (IIF) пікірінше, Украинадағы қақтығыс "мәңгілік соғысқа" айналу қаупі бар. Ал жаһандық экономиканың өсімі 2023 жылы 1,2%-ға дейін төмендеуі мүмкін, деп жазады Bloomberg.

Робин Брукс басқаратын Халықаралық қаржы институтының сарапшыларының зерттеуінде 2023 жылы әлемдік ЖІӨ 1,2% өсетіні атап өтілген. Бұл - 2009 жылғы сияқты төмен өсім.

IIF сарапшыларының пікірінше, экономикалық өсудің баяулауы көбіне Еуропада болады. Себебі қақтығыстардан ең көп зардап шекті. Осылайша тұтынушылар мен бизнес сенімінің күрт төмендеуінен кейін еуроаймақ экономикасы 2% қысқарады деп болжанды.

Ал АҚШ-та ЖІӨ 1%-ға артуы мүмкін. Латын Америкасының ЖІӨ 1,2%-ға өседі деп болжанды.

Бұған дейін ОПЕК бас хатшысы Хайсам әл-Гайс еуропалық экономиканың рецессияға тап болғанын айтқан. Оның айтуынша, АҚШ та осы бағытта қозғалуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: