Қазақстан Wildberries-ге ерекше жағдай жасаудан бас тартты
Сурет: Zakon.kz
22 желтоқсанда Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Wildberries компаниясының Қазақстанға қоныс аударуы үшін 30 жылға салықтан босатсын деп шарт қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Қазақстанға ірі брендтің келуі әрқашан тиімді сатып алу бола бермейтінін айтты. Кейде брендтер біздің ел келіспеген ерекше шарттарды талап етеді.
"Біз Wildberries-пен бірнеше жыл бойы түрлі деңгейде келіссөз жүргіздік. Олар түрлі шартты қойды. Ең алғашқы келіссөздерде Wildberries 30 жылға салықтан босатуды, оларға қоймалар салуға көмектесуді талап етті. Әрине, біз мұнымен келіспедік. Біз бәрімізге ортақ шарттармен жұмыс істейік дедік. Біз неліктен шетелдік компанияға тегін қойма салып, оларды 30 жылға салықтан босатуымыз керек? Ал өзіміздің басқа отандық компаниялар мұндай жағдайды алмайды ғой. Сондықтан Wildberries қазір шағын қоймалармен жұмыс істейді".Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров
Бұған дейін Алмас Айдаров Сыртқы істер министрлігі Ресей нарығындағы қызметін тоқтататынын немесе қысқаратынын жариялаған 362 ірі шетелдік компанияның бас кеңселерімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтқан. Қазір оларды Қазақстанға көшіру бойынша келіссөз болып жатыр. 62 компания келісім берді, 21 жоба көшірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript