Жаңалықтар тізбегі
0

Қарызын өтей алмай жүргендер 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады

Қарызын өтей алмай жүргендер 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2023 00:17 Сурет: pixabay
2023 жылғы 3 наурыздан бастап қарызы бар, бірақ оны өтей алмай жүрген азаматтар банкроттыққа өтініш бере алады деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент 2022 жылғы 22 желтоқсанда ҚР "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заңына қол қойды. Бұл ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткеннен соң күшіне енеді.
Бұл – қарызын өтей алмайтын азаматтардың 2023 жылғы 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады деген сөз.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, банкроттық туралы заң рәсімнің үш түрін көздейді, олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі өтініш бере алады, яғни кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқы жоқ.

  • 5 жыл бойы қарыз және микрокредит алуға тыйым салынады (ломбардтардың микрокредиттерін алуды қоспағанда );
  • қайта банкроттық болу 7 жыл өткен соң ғана мүмкін болады;
  • банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына банкроттықтан кейін 3 жыл бойы мониторинг жүргізілетін болады.

Жеке тұлғаның банкроттығы тәртібі туралы толыққанды ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстарында жарияланады.


Қосымша ақпарат алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" байланыс орталығына 1414 нөміріне (қосымша нөмір 3) не https://t.me/SalyqBot Telegram-чатына хабарласуға болады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: