Бас прокуратура экономика саласындағы 360-тан астам қылмыстық істі тоқтатты

Қазақстан, экономика саласындағы қылмыстық іс, Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 10:38 Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратураның баспасөз қызметі ведомство жұмысының маңызды басымдығы кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз тексерулер мен қудалаулардан қорғау екенін мәлімдеді. 2022 жылдың мамыр айынан бері ведомство экономика саласы бойынша 360-тан астам қылмыстық істі тоқтатт, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратура таратқан мәлімет бойынша, егер бұрын еліміз бойынша кәсіпкерлерге қатысты ай сайын 150-ге жуық іс қозғалса, қазір олардың саны 2,5 есеге азайды.

Қадағалаушы орган өкілдерінің мәлімдеуінше, өткен жылы мобильді топтар кәсіпкерлердің 3 мыңнан астам сигналын пысықтады, әрбір 4-ші (759) факті өз растауын тапты.

"7,1 мыңнан астам кәсіпкер 1,3 млрд теңге сомаға заңсыз айыппұлдардан босатылды, 9 мыңнан астам заңсыз тексерістер мен бақылаудың өзге де нысандарының жолын кесіп, жойылды".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылы кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар бойынша 1 330 қадағалау актісі енгізілді, уәкілетті органдардың 1230 заңсыз тыйым салу және шектеу шаралары жойылды, 1 240 адам жауапқа тартылды.

Кәсіпкерлердің құқығы бұзылған жағдайда дереу 115 (Call-орталық), (7172) 30-17-93 немесе +7 702 629 75 61 нөмірлері бойынша (Бас прокуратураның мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратура органдарының сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша тікелей хабарласуға болады".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: