Алматыдағы қылмыстық схема: мемлекетке келтірілген шығын 33 миллиард теңгеден асты

Зона таможенного контроля, таможенный контроль, таможня, таможенная граница, граница, проверка на таможне, таможенная проверка, осмотр на таможне, таможенный осмотр, таможенный досмотр, работник зоны таможенного контроля, работники зоны таможенного контроля, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2025 10:56 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы прокуратурасы қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Толық ақпаратпен бүгін, 2025 жылдың 4 шілдесінде қадағалау органының баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жалған құжаттар мен кедендік сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстардың, көрсетілмеген қызметтердің және тиелмеген тауарлардың шот-фактураларын жазып беру фактілері анықталды.

Жиналған материалдар бойынша бірқатар қылмыстық істер тіркелген, онда "кеден саласындағы уәкілетті экономикалық операторлар" компанияларының басшылары күдікті ретінде өткен.

Құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асыру кезеңінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 33 миллиард теңгеден асты.

"Сот үкіміне сәйкес айыпталушылар Қылмыстық кодексінің 216, 234-баптары бойынша кінәлі деп танылды." Алматы қаласының прокуратурасы

Кінәлі адамдарға мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның әртүрлі мерзімдері тағайындалды.

Апелляциялық саты үкімді күшінде қалдырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: