Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Иранмен тауар айналымын арттыруды жоспарлап отыр

Қазақстан, ҚР үкіметі, Иран, тауар айналымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 09:41 Сурет: primeminister.kz
27 қаңтар күні Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Иранның ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Неджад кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР үкіметінің ресми сайтының жазуынша, олар аграрлық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

"Ауыл шаруашылығы қазіргі таңда даму перспективасы өте жоғары сала болып отыр. Оның өзара саудадағы үлесі – шамамен 80%. Біздің елдерімізде АӨК өнімінің тауар айналымын $1 млрд-қа дейін арттыруға мүмкіндік бар".Әлихан Смайылов.

Премьер-министр 2022 жылғы қаңтар-қараша айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 20%-дан астамға өсіп, $500 млн құрағанын атап өтті. Сонымен қатар өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында Қазақстан Иран нарығына жалпы құны шамамен $250 млн болатын қосымша 75 тауар позициясын жеткізуге дайын.

Жалпы, Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан Үкіметі екі елдің басшылары қойған жалпы сауда көлемін $3 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі міндетті орындау үшін белсенді жұмыс істеуге дайын.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі көлік-логистика саласы екенін атап өтті. Бұл тұрғыда «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі ерекше маңызға ие.

"Осы маршруттың өткізу қабілетін ұлғайту бойынша бірлескен шаралар қабылдау, атап айтқанда, "Тар жерлерді" жою жөніндегі жол картасын бекітіп, оны іске асыру жақын болашақта жүк тасымалдау көлемін едәуір ұлғайтуға жол ашар еді", — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, Жол картасын іске асыру 2025 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

Иранның ауыл шаруашылығы министрі сауда және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін теміржол желісі мен теңіз инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңызы зор екенін атап өтті, сондай-ақ Иран Қазақстан нарығына цитрус өнімдерін жеткізу көлемін кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: