Халықаралық биржаларда мұнай бағасы төмендеді
Прайм агенттігі Астана уақытымен сағат 00:42-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайының наурыздағы фьючерстерінің бағасы 1,47%-ға, яғни бір баррелінің құны 86,18 долларға дейін төмендегенін хабарлайды. Ал WTI маркалы мұнайына наурыз фьючерстерінің қойған бағасы 2,17%-ға, яғни 79,25 долларға дейін түсті.
"Мұнай құны осы аптаны төмендеу күйінде аяқтауы мүмкін, алдыңғы төрт күнде Brent маркалы мұнайының бағасы 0,14%-ға, ал WTI құны 0,08%-ға төмендеді", деп нақтыланады хабарламада.
АҚШ Энергетика министрлігінің жариялаған мәліметтеріне сәйкес, еліміздегі мұнай өндіру көлемі өткен аптамен салыстырғанда бір апта ішінде өзгеріске түскен жоқ, ол күніне 12,2 миллион баррель деңгейінде сақталып отыр. Сонымен қатар қара алтынның коммерциялық қоры 0,5 миллион баррельге немесе 0,1%- ға, яғни 448,5 миллион баррельге дейін өсті.
"Ауа райына қатысты жақсы болжамдар, өндіріс көлемінің жоғары көрсеткіші және қордың жақсы деңгейі бағаның күрт төмендеуіне ықпал етеді", - деп MarketWatch порталы Sevens Report Research сарапшыларының сөзін келтіреді.
АҚШ-тың Baker Hughes мұнай сервисі компаниясының бұрын жарияланған мәліметтері бойынша, АҚШ-тағы жұмыс істеп тұрған мұнай бұрғылау қондырғыларының саны бір апта ішінде 4-тен 609 агрегатқа дейін қысқарды.
Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сәйкес, 27 қаңтар сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа белгіленген бағамы 460,43 теңгені құрап, 0,88 теңгеге төмендеді.