Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық топ-менеджер Грузия вице-премьерінің кеңесшісі болып кетті

Кадрлық өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2023 20:15 Сурет: economy.ge
Грузия үкіметінің вице-премьері және Экономика және тұрақты даму министрінің кеңесшісі ретінде халықаралық сарапшы Жақып Марабаев сайланды. Ол мұнай-газ және энергетика салаларындағы бірқатар мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды әзірлеуге ат салысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Грузия экономика және тұрақты даму министрлігінің сайтында хабарланды.

Грузия Үкіметінің вице-премьері әрі Экономика және тұрақты даму министрі Леван Давиташвилли қазақстандық топ-менеджердің жоғары құзыреттілігін, қол жеткізген жетістіктерін және мінсіз беделін ерекше атап өтті.

Жақып Марабаев - Қазақстанның энергетика саласында көпке белгілі жетекші маман.

Жақып Марабаев мұнайшылар әулетінен шыққан. Қырық жылдан астам мұнай-газ саласының жауапты лауазымдарында еңбек етті. Әр жылдары "ҚазақстанКаспийШельф" АҚ бас директоры, "ҚазақОйл" ҰК ЖАҚ вице-президенті, "ҚазТрансОйл" АҚ вице-президенті, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры, North Caspian Operating Company басқарушы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Марабаев TotalEnergies-тің топ-менеджментті даярлау жөніндегі халықаралық бағдарламасы бойынша тәжірибеден өткен, Француздың мұнай институтында (IFP) басшыларға арналған MBA дәрісін алған, содан кейін Францияда, Ұлыбританияда және Африкада жұмыс істеді, онда коммерциялық және техникалық мәселелер бойынша стратегиялық шешімдер қабылдауға ат салысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: