Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар қанша тұрады
Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға өсті. Жылдық мәнде азық-түлік бағасының өсімі 11,2% болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
Нан, сүт, айран, сүзбе, күріш, пияз, қырыққабат, сары май, ет, жұмыртқа бағасы біршама өсті.
Сурет: Ұлттық статистика бюросы
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 18 сәуір/:
- Өсімдік майы – 873 тг/л
- Рожки – 315 тг/кг
- Күріш – 404 тг/кг
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript