Атыраудағы бір ауданда азаматтардың пайдалануына жер телімі тегін беріледі екен
Сурет: freepik
Атырау облысындағы Қызылқоға аудандық әкімдігі тұрғындарға уақытша пайдалану үшін жер телімдерін тегін бере бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл тәжірибе былтыр бір округте қолға алынған еді. Нәтижесінде ауыл тұрғындары 108 тонна картоп, 132 тонна көкөніс және 137 тонна бау-бақша өнімдерін жинап алды. Биыл Ойыл өзенінің тасуына орай аудандағы округтердің барлығы егін егуді жаппай қолға алып жатыр. Оларға 50 гектар жер телімі бөлінді. Қосымша тағы 65 гектар алқап, осы істі қолғауға ниетті жандарға уақытша тегін пайдалануға берілмек, деп хабарлайды "Хабар 24".
"Әкімдік тарапынан аталған жерді жыртуға арнайы техника бөлеміз. Сосын сол округтің балансындағы мотопомпалар қойылады. Қарауыл болады. Қазіргі уақытта Миялы округі бойынша 22 адам шығып тұр. Жер жырту жұмыстарын жақын арада бастаймыз. Мамырдың 15-іне егеміз деп жоспарлап отырмыз". Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Тұрланұлы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript