Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 5 миллиард долларға жетті

Өзбекстан, Қазақстан, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 14:58 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан еліміздің сауда саласындағы ірі серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Атап айтқанда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы жоспарланған 5 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлихан Смайылов Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесуінде "бұл ортақ күш-жігердің арқасында мүмкін болып отырғанын" айтты.

"Енді алға қойылған жоғары деңгейдегі міндеттерге сәйкес орта мерзімді перспективада өзара тауар айналымының көлемін 10 млрд долларға дейін ұлғайту керек", – деді Қазақстанның үкімет басшысы. 

Сонымен қатар Әлихан Смайылов қазақ-өзбек Үкіметаралық комиссиясының екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін шешудегі ерекше рөлін атап өтті.

Өз тарапынан Абдулла Арипов екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту үшін әлеуеттің зор екенін айтты.

"Өзара саудада оң динамика байқалады. Экономиканың көптеген саласында өнеркәсіп кооперациясының маңызды жобалары іске асып жатыр. Өзбекстан сауда, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы мен су шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Жалпы біз бауырлас Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге мүдделіміз", – деді Абдулла Арипов.

Ташкентте өткен кездесу барысында тараптар бұған қоса қазақ-өзбек өзара іс-қимылының бірқатар өзекті мәселесін, оның ішінде сауда, өнеркәсіп кооперациясы, инвестициялық қызмет, энергетика, логистика, трансшекаралық су нысандарын пайдалану, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және т.б. салалардағы бірлескен қадамдарды талқылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: