Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтау қаласы мен қала маңындағы ауылдарды газбен қамтуға үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінеді

ҚР үкіметі, Ақтау, газбен жабдықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 15:13 Сурет: Zakon.kz
ҚР үкіметі "Жаңаөзен – Ақтау" газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату стансасы орнатылатын магистральдық газ құбыры құрылысын аяқтау үшін өз резервінен 3 млрд 695 млн 925 мың теңге бөледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Бүгінде Ақтаудың солтүстік бөлігі қарқынды дамып келеді.

Атап айтқанда, көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы жүріп жатыр. Биыл қаланың кеңейіп келе жатқан бөлігін жылумен қамту мақсатында бірқатар блок-модульді қазандықтарды орнату және екі жаңа қазандық салу жоспарланған. Жаңа қуат көздері газбен жұмыс істейтін болады, осыған байланысты тиісті инфрақұрылымды кеңейту қажет.

"Жалпы ұзындығы 52 шақырым болатын жаңа газ құбыры Ақтау қаласының жаңа шағын аудандары, Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе, Дәулет, Баянды ауылдары, сондай-ақ Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарының 150 мыңға жуық тұрғынын жылумен және тауарлық газбен қамтамасыз етеді".ҚР үкіметінің баспасөз қызметі

Үкіметтің ресми сайты жариялаған мәлімет бойынша, жоба құрылысы Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын дамыту аясында жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: