Қазақстанда фастфуд қымбаттады

Фастфуд бағасы, фастфуд, Ұлттық статистика бюросы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 17:47 Сурет: pixabay
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның қай өңірінде фастфуд бағасы көбірек өскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір айда фастфуд бағасы үш облыста айтарлықтай өскен:

  • Солтүстік Қазақстан облысында – 5,7%;
  • Жамбыл облысында – 4%;
  • Жетісу облысында – 2,2%.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуірде фастфуд қызметтерінің құны бір айда 0,4%-ға, ал жылдық мәнде 15,9%-ға қымбаттады.

Бір жылдық мәнде өңірлер арасында баға:

  • Батыс Қазақстан – 47,2%;
  • Солтүстік Қазақстан – 44,4%;
  • Шымкент қаласында – 37,9%;
  • Атырау облысында – 33,8%;
  • Жамбыл облысында 33,7% өсті.

Ең төменгі жылдық баға өсімі Түркістан (6,4%) және Қызылорда (6,3%) облыстарында тіркелді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: