Жаңалықтар тізбегі
0

1 шілдеден бастап Қазақстанда газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі

Сұйытылған газдың көтерме саудадағы шекті бағасы, Энергетика министрлігі, газ Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрлігі 2023 жылғы 6 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:

  • Астанада – 27 052 теңге;
  • Алматыда – 25 103 теңге;
  • Шымкентте – 26 197 теңге.

Бұл ретте бағаны 2028 жылғы 1 шілдеге дейін кезең-кезеңімен көтеру  қарастырылған.

2027 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:

  • Астанада – 36 135 теңге;
  • Алматыда – 42 759 теңге;
  • Шымкентте – 41 158 теңге.

Басқа өңірлердегі бағаларды мына жерден көруге ​​болады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және  сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілген.

Бұйрық 2023 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз