Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы базарлардың өкілдері Үкіметтен модернизация уақытын ұзартуды сұрайды

Базар, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 19:19 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
19 маусымда Сауда және интеграция министрлігі ескі жағдайда жұмыс істеп жатқан базарлар сүрілуі мүмкін екенін хабарлады. Алайда бұл хабар осындай базар иелері мен қызметкерлері арасында резонанс тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Мәжілістегі Үкімет сағатында Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шаққалиев 2023 жылдың соңына дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы барлық базарлар жаңғыртылуы тиіс деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ескі жағдайдағылары жоюға жатады.

Вице-министр базарларда қажетті жағдайлар жасалып, соның ішінде бақылау-кассалық аппараттар қойылып, жалға алу шарттары күшін сақтап, қосымша ақы алу деген болмай, тұрақтан бастап басқа да түсініксіз нәрселер үшін анықтамалар талап етілмеуі тиістігін атап өтті. Оның айтуынша, модернизация деген осы. 

Бір ауыздан, жыл соңына дейін мұның барлығын істеп үлгере алмайтындарын айтқан ескі базар жұмысшыларынан ес кеткен.

"Тұтынушы және кез келген азамат сауда орталығына немесе базарға барады ма, оны өзі шешуге құқылы. Базарда жалдау ақысы айтарлықтай аз, сәйкесінше, табысы төмен адамдар базарға барғанды жөн көреді, өйткені онда өнім арзанырақ, қажетті затты сатып алуда ол арадағы жағдайлар тұтынушыға аса маңызды емес. Тиісінше, базарларды жаңғырту саудагерлер мен тұтынушылардың мүддесі үшін жүргізіледі деп айту жаңсақтық", - деді "Барахолкадағы" базарлардың бірінің құрылтайшысының өкілі Жасұлан Ахметов.

Ол сауда министрлігінің талаптарын осындай қысқа мерзімде орындау мүмкін еместігін атап өтті. Яғни, іс жүзінде базар сауда орталығына айналуы керек және бұл үлкен қаржылық инвестицияларды қажет етеді.

"Әзірленген Мемлекеттік жаңғырту бағдарламалары сауда объектілерін қаржыландыруды көздемейді, ол осы нарықтардың иелеріне жүктеледі, яғни оларды инвестициялар іздеуге итермелейді. Мемлекеттікі талап қана, бірақ нақты көмек жоқ", – деп сөзін толықтырды Жасұлан Ахметов.

Егер Үкімет өз шешімін өзгертпесе, бір түнде мыңдаған ұсақ кәсіпкер табысынан айырылады, ал бюджетке түсетін салықтар түсімі азаяды. 

"Біз базарды жаңғыртуға және заңдарды сақтауға қарсы емеспіз. Бас мердігерлік шарт жасалды, қажетті құрылыс материалдары сатып алынады. Біздің жаңғырту жобамыз қазір мемлекеттік органда келісу сатысында тұр. Біз өз отбасыларын асырау үшін сауда жүргізуді қажет ететін жалға алушыларымыздың мүдделерін ескере отырып, оны кезең-кезеңмен жаңғыртамыз. Жеңілдік несиелеудің жоқтығына қарамастан, меншік иелері өз қаражаттары есебінен модернизацияны қолға алып, оны бастап кетті. Бірақ қысқа мерзімге байланысты оны ақырына жеткізу мүмкін болмай тұр. Сауда министрлігі біздің бизнесімізді жойғысы келетін секілді. Осы бізге мемлекеттің көмегі?"- деп сөзін түйіндеді ол.


Оның пікірімен Алматыдағы тағы бір аты дардай базардың өкілі келіседі. Әйел бес жылдан астам уақыт бойы базар иесі Алматы әкімдігімен соттасып келе жатқанын айтады. 

"Біз жерді жалға алу мерзімін ұзартуды сұраймыз. Модернизация бойынша, түсінікті, ешбір базар мұны уақытында жасауға физикалық түрде күйі келмейді. Біз жалдау мерзімін ұзарту үшін бір ғана талаппен келдік, ал нарықты модернизациялауды өз қолымызбен жасаймыз, бәріміз бұған дайынбыз", - деді ол.

Бүгінгі таңда Алматыда 54 сауда базары бар. "Алматының шағын және орта бизнесті қорғау жөніндегі тәуелсіз кәсіподағының" төрағасы Елена Мотькинаның айтуынша, олардың тең жартысы - 27-сі жаңғыртылмаған.

"Өткен жылы біз Алматы қаласы әкіміне базарларды жаңғыртуды 2025 жылға дейін ұзарту туралы хат жолдадық. Алты ай бойы біз министрлікпен, "Атамекен" ҰКП-мен талқы жүргіздік, бірақ бүгінгі күнге дейін нақты жауап алған жоқпыз. Міне, осы дүйсенбіде сауда және интеграция вице-министрі 2023 жылдың соңына дейін дегенді айтып отыр". Елена Мотькина

Сондықтан кәсіподақ базарларды модернизациялау мерзімін ұзартуды және оларды субсидиялауды қолдайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: