Жаңалықтар тізбегі
0

Ірі қара мен уақ малды елден алып шығуда сандық жағынан шектеу енгізілді

Ірі-қара мал, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 20:23 Сурет: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы жануарларының жекелеген түрлерін елімізден алып шығуға сандық жағынан шектеу салынып, тыйым енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылы 23 маусымнан бастап "Ауыл шаруашылығы жануарларын ҚР аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығымен 60 000 (алпыс мың) бас бұқашық мөлшерінде тірі ірі қара малды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0102) 120 000 (жүз жиырма мың) бас еркек тоқты мөлшерінде тірі қой және ешкілерді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0104) ҚР аумағынан әкетуге сандық шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

"Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес бұқашықтар мен қошқарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық сертификат болған кезде ғана жүзеге асырылатын болады", делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2023 жылы 30 маусымнан бастап "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 224 және ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылдың 12 маусымындағы № 641 бірлескен бұйрығымен ірі қара малды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0102) және ұсақ малды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: