Жаңалықтар тізбегі
0

"Кәсіпкерлер маңызын түсінбей отыр": Жамаубаев дүкендегі мобильді аударымдар туралы айтты

"Кәсіпкерлер маңызын түсінбей отыр": Жамаубаев дүкендегі мобильді аударымдар туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 13:08 Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысының кулуарында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлер, атап айтқанда дүкен иелері мобильді аударымдар үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір көкөніс сататын дүкен иелерінің QR коды жоқ. Төлемді мобильді қосымша арқылы аударуды сұрайды. Қаржы министрі бұл мәселені Мемлекеттік кірістер комитетімен бірге пысықтауға уәде берді.

"Мемлекеттік кірістер комитетімен жиналыс өткізіп, алдын алу шараларын жүргізу үшін ескерту беремін. Көптеген кәсіпкерлер мәселенің маңызын түсінбейді. Оның бәрін тексеруге баратын бізде қызметкерлер саны аз".Ерұлан Жамаубаев

Сонымен қатар ол заң қабылданып қойғандықтан, мобильді аударымдар мәселесінің мезгіл сайын әлі де  көтеріліп жүргені оғаш екенін баса айтты.

"Ұялы аударымдарды жіберушілер мен алушыларға бөлеміз. Егер бұл жеке тұлғалар мен туыстар арасындағы аударымдар болса, онда оларға салық салынбайды. Ал егер оларды кәсіпкерлер пайдаланса, онда салықтар болуы керек. Жеке тұлға кәсіпкерлік қызметпен айналысса, онда оның осы мобильді аударымдар үшін жеке шоты болуы керек".Ерұлан Жамабаев

Оның айтуынша, аударымдардың қайсысы жеке мақсатқа, қайсысы бизнеске арналғанын ажырату үшін кәсіпкерлерге екі шот ашу ұсынылады.

"Бұны кім жүзеге асырды, соларға сұрақ болмайды. Ал ауыспағандарға 2025 жылға қарай неге шот ашпағаны туралы сұрақтар болады. Қазір айыппұл жоқ. Бірақ заңда әр кәсіпкер салық төлеуі керек екені жазылған. Мемлекеттік кірістер комитеті ақпарат жинайды. "Бастапқы кезеңде мемлекеттік қызметкерлер туралы, кейін кәсіпкерлер туралы. 2025 жылы мәліметтерді көргенде сұрақ болады. Сол кезде салық төлемегендерге айыппұл саламыз".Ерұлан Жамаубаев

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге мобильді аударымдар арқылы тауар сату жауапкершілігін еске салған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: