"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ауысты
Ернат Бердіғұлов 2010 жылы Торонто университетінде (Канада) "Мемлекеттік саясат және халықаралық зерттеулер" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 2018 жылы Уорвик университетінде (Ұлыбритания) "Іскерлік басқару" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды және қазіргі уақытта Гарвард көшбасшылықты дамыту институтында (АҚШ) білім алуда.
Осыған дейін Whiteshield Partners компаниясында жобалар жетекшісі, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ-да стратегия, тұрақты даму және цифрландыру жөніндегі бірлескен басқарушы директор ретінде қызмет етті. Қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына" АҚ-ның стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.
ҚМГ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы, тәуелсіз директор Кристофер Уолтон ҚМГ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, 9 жылдан астам уақыт тәуелсіз директор ретінде ұлттық компанияның Директорлар кеңесінің құрамында болғандықтан кеңес құрамынан шықты.
"ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы болғаныма, үш бірдей тамаша басқарма төрағасымен және мықты менеджмент тобымен жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Жетістіктерімізді, атап айтқанда, басқару, қауіпсіздік және қаржылық тұрақтылықтың жақсарғанын мақтан етемін. Мен кез-келген сынаққа төтеп беретін, іргетасы берік компанияны қалдырып барамын", - деп атап өтті Крис Уолтон.
ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Крис Директорлар кеңесіне төрағалық еткен 6 жыл ішінде компанияның дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.
"Ол дұрыс тәсілдер мен құныдылықты басшылыққа алды. Алғыс айтып, алдағы жұмысына сәттілік тілеп шығарып саламыз", - деді Мырзағалиев.
ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері Е.М. Отыншиев, Ұ.С. Қарабалин, М.М. Мырзағалиев, А.С. Жұбаев, А.Ә. Арғынғазин, Ф.М. Холланд қайта сайланды. Сондай-ақ, АКЖЖ нәтижесі бойынша ҚМГ ДК құрамына Мыңшарипова Сая Найманбайқызы тәуелсіз директор болып сайланды.
Осылайша, ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы келесідей:
1. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы, ҚМГ ДК төрағасы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін қорғайтын өкіл;
2. Отыншиев Елжас Мұратұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін қорғайтын өкіл;
3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін қорғайтын өкіл;
4. Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы,"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы;
5. Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы, тәуелсіз директор;
6. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы, тәуелсіз директор;
7. Холланд Филип Малкольм, тәуелсіз директор;
8. Мыңшарипова Сая Найманбайқызы, тәуелсіз директор.