"Бәйтерек" холдингі Каспий маңындағы әріптестікті нығайтпақ
Кездесуде Атырау облысының даму перспективасы, инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктері және холдингтің қолдауы арқылы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сурет: Светлана Новак
Қанат Шарлапаевтың сөзінше, Каспий маңы өңірінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны ерекше. Сондықтан өңірдің дамуы холдингтің басты назарында.
Сурет: Светлана Новак
"Біз Атырау облысындағы шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлеміз. Сапарымыздың басты мақсаты – оны одан әрі дамыту. Атырау облысындағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту шараларын қолдауға қажет қаражатты жергілікті атқарушы орган Аграрлық несие корпорациясымен бірлесіп бөлуі керек. Бұл бірлескен жауапкершілікті талап етеді. Өңірдегі кәсіпті дамыту жобалары жалғаса береді", - деді Қанат Шарлапаев.
Сурет: Светлана Новак
Атырау облысының 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында "Бәйтерек" холдингі бүгінде кәсіпкерлікті дамытуға 900 миллиард теңге, ал халықты баспанамен қамтамасыз етуге 44 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп отыр.
Холдинг басшылығы облыс әкімімен әңгімелескеннен кейін "Elorda Residence" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңына барды. Қазір "Қазақстанның тұрғын үй компаниясы" АҚ нысан құрылысын тезірек бастап, салып жатыр. Құрылысты аяқтауға қаражат жетеді.
Сурет: Светлана Новак
"Бәйтерек" холдингі тұрғын үйдің құрылысына ерекше көңіл бөледі және үлескерлердің мүддесі мен өңірдің дамуы үшін оның сәтті аяқталуын қолдауға дайын", - деді Қанат Шарлапаев.
Сонымен қатар холдинг төрағасы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "Отбасы банк" АҚ-ның аймақтық филиалдарына барды. Филиалдардың қызметі, жүзеге асырылып жатқан жобасы және олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесі сияқты нәтижелермен танысты.
Сурет: Светлана Новак
"Отбасы банк" АҚ Атырау филиалы бұрыннан, 2006 жылдан бері бар. Филиал ашылғалы бері 174 772 млн теңге көлемінде 14 254 несие берілді. Каспий маңында 698 мың адам тұрады. Оның 88,6 мыңы - "Отбасы банкінің" салымшылары. Бұл дегеніміз - әр төртінші тұрғын экономика жағынан белсенді деген сөз", - деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.
2023 жылы банк түрлі салада жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі жастарға арналған бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама шарты бойынша, жастар 10% бастапқы жарнамен жылына 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие ала алады. Қазірдің өзінде 46 адам қоныс тойын тойласа, 30-ға жуық адам несие рәсімдеп, пәтер іздеп жүр.
"Жақында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған бағдарламаны іске қосамыз. Мұндағы ерекшелік бойынша, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар сияқты санаттар үшін бастапқы жарна қарастырылмаған. Өйткені олардың 10% бастапқы жарнаның өзін жинай алуы қиын. Бірақ олар өз пәтерінде тұрып, жылына 5% мөлшерлемемен ай сайын үйге төлеп тұрғанда өздерін меншік иесі ретінде танып, несиені қайтаруға тырысады. Біздің банк жұмыс істемейтін несие бойынша ең төмен нәтиже көрсетті. Себебі қазір адамдарға баспаналы болу өзекті. Олар ертең мұндай мүмкіндік болмайтынын түсінеді", - деп қосты ол.
Сурет: Светлана Новак
Тағы бір қуанышты жаңалық бар. Атырауда медицина қызметкерлеріне жылына 5% мөлшерлемемен бөлек тұрғын үй бағдарламасы енгізіледі. Демек, холдингтің Каспий маңы әкімдігімен бірлесіп жасап жатқан бағдарламалары мамандарды ұстап қалуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі.
Cонымен қатар делегация холдингтің еншілес ұйымы "Қазақстан Даму банкі" АҚ қолдауымен жаңартылған "АтырауНефтеМаш" мұнай машина жасау зауытына барды.
Зауыт мұнай-химия, мұнай-газ, жылу энергетикасы, бұрғылау, салқындату және мұнай өндіруге, өңдеуге және дайындауға арналған күрделі техникалық жабдықтардың кең ауқымын шығарады.
"Біз келген цех Ауыр машина жасау цехы деп аталады. Мұнда габаритсіз, габаритті емес жабдықтар шығарылады. Негізгі тұтынушыларымыз – "Теңізшевройл" ЖШС, НКОК және басқа да мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші компаниялар. Көптеген маңызды жобаларға қатыстық, мысалы, KPI. Егер плазмалы кесуге арналған ең заманауи, үздік құрал-жабдықтарды, металл өңдеу, дәнекерлеу жабдығын дер кезінде сатып алмасақ, бұл мүмкін болмас еді", - дейді "АтырауНефтеМаш" ЖШС бас директорының орынбасары Александр Донсков.
Сурет: Светлана Новак
Бұны холдинг пен компания 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан Даму банкі қолдады. "АтырауНефтеМаш" бұл ынтымақтастық жалғасын табады деп үміттенеді. Кәсіпорынның жоспары көп. Оның барлығы әлі орындалған жоқ, дегенмен өсу бар.
Холдинг өкілдерінің Атырау облысына сапары өңірлік жобаларды дамыту және экономиканың түрлі саласын қолдау маңызды екенін көрсетті. "Бәйтерек" Қазақстан өңірлерімен әріптестікті нығайтуға белсенді қатыса береді. Сонымен қатар елдің тұрақты экономикалық өсуіне үлес қоса бермек.
Светлана Новак