Үш елдің өкілдері күзгі-қысқы кезеңде электр энергиясын өзара жеткізу мәселесін талқылады

Кездесу, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, электр энергиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2023 15:47 Сурет: gov.kz
25-26 тамызда Астанада Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетикалық және су шаруашылығы ведомстволары өкілдерінің су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналған кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында алдағы күзгі-қысқы маусымда электр энергиясын жеткізу, сондай-ақ басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесу барысында бірқатар өзара келісімдерге қол жеткізіліп, жеткізу көлемі мен шарттары анықталды, делінген министрліктің сайтында 27 тамызда жарияланған хабарламада.


Сурет: gov.kz


Сондай-ақ, тараптар электр энергиясын сағаттық есепке алуды жүргізу тетігін енгізу мүмкіндігін пысықтауға; шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы жоспардан тыс ағындарды реттеуге шарттар жасасуға; жоспардан тыс ағындарды реттеуге арналған шарттардың қолданыстағы талаптарын қайта қарауға келісті.


Сурет: gov.kz


Қатысушылар бұрын қабылданған міндеттемелерді орындауға бейілділігін растады.

Су және энергетика ведомстволары өкілдерінің келесі кездесуі 2023 жылдың қарашасында Бішкекте өтеді.


Сурет: gov.kz


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: