Қазақстанда қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылды
Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы", – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылсын, делінген құжатта.
"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу серіктестік қызметінің негізгі нысаналары болып айқындалды.
Серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне берілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- серіктестік жарғысын бекітуді;
- мемлекеттік тіркеу үшін серіктестік атынан құжаттарға қол қоюға, серіктестік органдары құрылғанға дейін қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген тұлғаны сайлауды;
- серіктестікті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.