Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы түсті
Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Zakon.kz сайтына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендегенін хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2023 жылдың 9 айында әлеуметтік маңызы бар мына азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді:
- қарақұмық жармасы – 41,7%;
- күнбағыс майы – 24,1%;
- қант – 12,1%;
- картоп – 8,9%;
- пияз – 4,5%;
- ұн – 2%.
"Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалада "Форвардтық сатып алу" бойынша көкөністер, жұмыртқа, сиыр еті және әлеуметтік нан жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды".Алматы қаласының әкімдігі
Әкімдік өкілдері 1 қыркүйектен бастап "Магнум" сауда желісінде осы көктемде Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының фермерлерінен сатып алынған 20 мың тонна көкөніс сатылатынын атап өтті.
"Алматы, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерімен азық-түлік тауарларын тікелей жеткізу бойынша меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Мысалы, Жамбыл облысының фермерлерімен 1 мың тонна пияз жеткізу бойынша меморандумға қол қойылды".Алматы қаласының әкімдігі
Бұған қоса әкімдік өкілдері қаланың сауда желілерінде белгіленген, төмендетілген бағамен "Көксу қант зауытында" сатып алынған 3 мың тонна қант және Қызылорда облысынан өндірушілерден сатып алынған 1 мың тонна күріш сатылатынын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript