Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бір жылдың ішінде жаңа пәтерлер құны қаншаға қымбаттаған – статистика

Баспана, баға, құн, 1 шаршы метр, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 18:06 Сурет: pixabay
Ұлттық статистика бюросы өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанда жаңа тұрғын үйден пәтер сатып алу қаншалықты қымбаттағанын сипаттайтын ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 қазанда Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бір жылдың ішінде жаңа тұрғын үйлердегі пәтер бағасы 5,7%-ға өсіп, ал екінші тұрғын үй нарығында пәтерлерді қайта сату бағасы, керісінше 3,9%-ға төмендеді.

Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда елімізде пәтерді жалға алу құны төмендегенін нақтылайды. Рас, бұл жалпы Қазақстан бойынша беріліп отырған бағам, әйтпесе жекелеген қалаларда баспананы жалға алу құны онша төмендемеген. 

"Абаттандырылған тұрғын үйден пәтер жалдау төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қыркүйекте 0,2%-ға төмендеді", делінген хабарламада.

Құзырлы ведомство мәліметінше, жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтердің 1 шаршы метрі 493 705 теңгені құрайды. Ал екінші тұрғын үй нарығындағы пәтерлер – 485 928 теңге. Ал орташа есеппен алғанда пәтерді жалға алудағы құн 1 шаршы метріне 4  715 теңгеден келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: