Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстаннан жүк көлігімен көмірді сыртқа тасуға салынған тыйым мерзімі тағы ұзартылды

Көмір, автомобиль көлігімен, Қазақстан, сыртқа тасымалдау, тыйым, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 22:20 Сурет: ҚР ИИДМ
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге салынған қолданыстағы тыйымды ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы министрлік қолданыстағы тыйым мерзімі жылыту маусымы кезеңінде халық үшін көмір тапшылығын болдырмау мақсатында ұзартылып отырғанын нақтылады

"Тыйым 2023 жылдың 26 қарашадан бастап алты ай мерзімге ұзартылады", делінген ведомство хабарламасында.

Атап айтқанда:

  • тас көмір, ұнтақталған немесе ұнтақ емес, бірақ агломерацияланбаған (СЭҚ ТН коды 2701);
  • лигнит, қоңыр көмір, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған, гагаттан басқа (СЭҚ ТН коды 2702).

Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге тыйым салуды белгілеудің орындылығы 2023 жылғы 20 қыркүйектегі сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қаралып, қолдау тапқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: