"Автомобиль өнеркәсібі үлгіге айналмақ": Оңтүстік Корея Қазақстанға инвестиция көлемін арттырады
Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында екенін атап өтті. Атап айтқанда, соңғы 18 жылда Қазақстанға 9,2 млрд долларға жуық инвестиция тартылған. Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық 1,5 млрд долларға жетті. Бұл жөнінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гынмен жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау кезінде айтты.
"Бүгінде жалпы құны 1,5 млрд доллар болатын 5 жоба жүзеге асыруға дайын және жалпы құны шамамен 500 млн долларлық тағы 25 перспективалық жоба әзірленуде. Айқын мысал ретінде, Қостанайдағы жылына 70 мың автокөлік өндіруге қуаты бар, инвестиция көлемі 190 млн доллар жаңа ірі KIA зауытының құрылысын атауға болады", – деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Ан Док Гын Оңтүстік Корея Қазақстанмен экономиканың әртүрлі саласы бойынша белсенді технологиялық ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. Оның сөзінше, егер ол сәтті жүзеге асырылса, Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі үлгіге айналмақ.