6 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп тануға арызданған, бірақ олардың көбі қабылданбады
Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер департаменті "Қазақстан азаматтарының төлем қабілеті мен банкроттығын қалпына келтіру туралы" заңның орындалу барысы туралы айтты. Бүгінде 550 қазақстандық банкрот деп танылса, 4500-ден астам азаматтікі қабылданбады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қарыздарды басқару басқармасының басшысы Айдос Будугуловтың айтуынша, 3 наурыздан бүгінге дейін 5730 өтініш түсіп, 5603-і қаралған. Бұл барлық түскен өтініштің 97,8%-ына тең.
"Бүгінде 550 азамат банкрот деп танылды. Бұл келіп түскен өтініштердің 9,6%-ына тең. Қазір 127 өтініш тексеріліп, қаралып жатыр".Айдос Будугулов
Спикердің сөзінше, 527 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қозғалып, 4526 өтініш бойынша азаматтар соттан тыс банкроттықты қолданудан бас тарту туралы хабарлама алған.
"Айта кету керек, бас тартудың негізгі себебі – кейбір несие келісімдеріндегі қарызды өтеу мерзімі 12 айдан аспайтын немесе тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүліктің сәйкес келмеуі. Осы негіздер бойынша әдетте бас тарту шығарылады".Айдос Будугулов
Баяндамашы бүгінде аудандық соттарға банкроттық туралы сот тәртібімен 32 арыз түскенін қосты. Оның ішінде 24 өтініш бойынша азаматтық банкроттық туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылып, қаржы менеджерлері тағайындалды. 8 азамат банкрот деп танылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript