Таразда нан күрт қымбаттады, себебі анықталды

Тараз, нан, нан бағасы, Сауда комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2023 11:50 Сурет: pixabay
Таразда нан бағасы 20 теңгеге өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 1 қараша күні Тараз қаласында бөлке нанның бағасы 100 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілуіне орай Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің және Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қызметкерлері тарапынан шұғыл түрде мониторинг жүргізілді.

"Мониторинг барысында кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдарға ескертпестен өз бетінше нан бағасын өсіргені анықталды", – делінген Сауда комитеті жариялаған хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, осы жағдайға байланысты шұғыл түрде облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің төрағалығымен құзырлы органдардың, кәсіпкердердің қатысуымен жиын өткізілді.

"Осыған орай кәсіпкерлермен 1 бөлке нанның бағасын 100 теңгеден ұстап тұруға келістік", – делінген хабарламада.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Сенат кулуарында неге Қазақстанда нан Өзбекстанға қарағанда қымбат екенін түсіндірді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: