Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда неге коммуналдық тарифтер көтеріліп жатыр

Қазақстан, коммуналдық тарифтер, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 14:44 Сурет: pixabay
Стратегиялық тауарлар бағасының өсуі мен электр қуатының қымбаттауы Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып саналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Energyprom.kz басылымының жазуынша, "Тарифі инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру аясында 2023 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тарифтерді көтеруге 212 өтінімді мақұлдады. Бұл өтінімдерді коммуналдық кәсіпорындар – табиғи монополиялар субъектілері берген.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы тарифтердің өсуіне әсер еткен негізгі факторлар:

  • электр энергиясы бағасының өсуі (+27%);
  • тауар газдың көтерме бағасының өсуі (+12%);
  • коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыру;
  • стратегиялық тауарлардың құнын көтеру – көмір, мазут және т.б.

Тарифтерді көтеруден түскен ақша инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады. Қазақстандық коммуналдық кәсіпорындардағы техникалардың біразы ескірген.

"Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымы жаңғыртуды және жөндеуді қажет етеді, салаға сапалы кадрларды тарту үшін қызметкерлердің жалақысын көтеру керек, қараусыз қалған желілерді ретке келтіретін уақыт келді. Осы шаралардың барлығы қазақстандықтарды коммуналдық салада сапалы қызмет көрсету үшін қажет. Сондықтан да елімізде "Тарифі инвестицияға айырбастау" бағдарламасы қолға алынды", – деп мәлімдеді Energyprom.kz.\

2023 жылы бағдарлама 267 миллиард теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл соманың үштен бір бөлігі "қызыл аймаққа" кіретін кәсіпорындарды жөндеуге және жаңғыртуға жұмсалады. Қазір Қазақстанда осындай 87 кәсіпорын бар, оның 76-сында инвестициялық бағдарламалар бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: