Сәтқалиев: Болашақта газ бензин сияқты қымбаттайды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мәжіліс алаңында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазір сұйытылған газ тапшылығы жоқ деп айтты. Бірақ егер көліктерді газға көшіру өсе берсе, оны сырттан әкелуге тура келеді. Ал газ бензин бағасымен теңеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр елімізде сұйытылған мұнай газын тұтыну күрт өскенін бірнеше рет айтты. Оның үстіне көліктер жаппай жартылай газ әдісіне ауыстырылып жатыр. Осыған байлатысты Энергетика министрлігі қазір қосымша көлем іздеп жатыр.
"Біз ТШО компаниясымен келіссөз жүргіздік. Олар ішкі нарыққа айына қосымша 10 мың тонна газ жеткізді. Біз "ҚазМұнайГаздың" барлық көлемін ішкі нарыққа шығардық. Осының арқасында баланс ұстап отырмыз, яғни қазір бар. Объективті түрде тапшылық жоқ. Бәлкім аймақтарға жеткізуге қатысты мәселелер бар".Алмасадам Сәтқалиев
Бірақ автокөліктерді газға көшіру осы қарқынмен өсе берсе, келешекте қысқа мерзімде өңдеу қуаты жеткіліксіз болады.
"Иә, болашақта олар болуы мүмкін. Бірақ біз сұйытылған мұнай газын импорттауға мәжбүр болатын кезең келеді. Ол кезде баға мүлдем басқа болады, бензинмен теңеседі. Сондықтан біз бірнеше рет "Көлік әуесқойлары көлігін газға ауыстыруға асықпауы керек" деп ұсыныс жасадық.Алмасадам Сәтқалиев
27 қазанда министр газ қымбаттайтынын ескерткен еді. Ол министрлік бағаның күрт өсуіне жол бермейтінін, бірақ экспорт тапшылығы байқалса, автогаз бағасы экспорттық бағаға сәйкес келетінін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript