"Қазақфильм" АҚ экс-президенті жемқорлық жасады деген күдікке ілінді
Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бұрыңғы президентінің қылмыстық әрекеті әшкереленді" деп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылай, 2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы "Көшпенді" киножобасы аясында салынған жасанды "Түркістан" бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған.
"Қазір осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды", - делінген агенттік хабарламасында.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сай, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әр адам кінәсіз деп есептеледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript