Смайылов теміржол жүк тасымалындағы кедергілерді жою бойынша пәрменді шаралар әзірлеуді тапсырды

"ҚТЖ", теміржол жүк тасымалы, жүк тасымалы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2023 10:05 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қызметі және еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 20 қарашада Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Премьер-министр "ҚТЖ" ҰК" АҚ отандық тауар өндірушілер тарапынан келіп түскен барлық шағымдарды жедел талдап, Көлік министрлігімен бірлесе отырып, жүк тасымалы кезіндегі кедергілерді жою жөніндегі пәрменді шаралар әзірлеу қажеттігін атап өтті", – делінген хабарламада.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, биылғы 10 айда жүк тасымалдау көлемі 246 млн тонна болды, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға артық. Жыл соңына дейін 300 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Алдағы жылдары еліміздің транзиттік әлеуетін едәуір арттыратын, 1300 шақырымнан астам теміржол салу жоспарланған. Атап айтқанда, бұл – Достық  Мойынты, Бақты – Аягөз, Дарбаза – Мақтаарал желілері және Алматы маңы айналма жолы.

Сонымен қатар қолданыстағы теміржолдарды жөндеу, жаңа локомотивтер мен вагондар сатып алу, стансалар мен вокзал кешендерін жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: