Жаңалықтар тізбегі
0

ТКШ желілерін жаңарту және өңірлерді дамыту – Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы қалай іске асып жатыр

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасы, өңірлерді дамыту, инфрвқұрылым, ТҮКШ Сурет: primeminister.kz
Үкімет президенттің сайлауалды бағдарламасында сөз болған тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымды жаңғырту, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту және т.б. бағыттарда қандай жұмыстар атқарылғаны айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазіргі таңда Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлерді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Бұл тұрғын үй құрылысы, ТКШ желілерін жаңарту, республиканың көлік-логистикалық әлеуетін нығайту және жаңа өндірістік кәсіпорындарды іске қосуға қатысты. Бұл бағыттардың барлығы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасында белгіленген.

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысындағы бір жылда қандай нәтижелер болды?

  • 2029 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Мәселен, 2023 жылғы 10 айда 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға жоғары.
  • 2023 жылы өңірлерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салуға 5,4 млрд теңге бөлінді.
  • "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасы бекітілді. Оның негізгі мақсаты – халықты жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с болатын кең жолақты дүниежүзілік желіге қосу.
  • ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Оның аясында Еуропадан Орталық Азияға, Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға негізгі трансконтиненталдық дәліздер мен бағыттарды жаңғырту және кеңейту жөніндегі шаралар көзделген.
  • Соңғы кездері жүк тасымалының көлемі 2 есе артқан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға бірқатар еуропалық көлік-логистикалық компанияны тарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Германия, Австрия, Мажарстан және Балтық елдерінің жүк операторларының тиісті қауымдастығына кіру жоспарланып отыр.
  • Қазақстандық теңіз порттарының өткізу қабілетін кеңейту бойынша жұмыс жүріп жатыр, ол бүгінде жылына шамамен 21,2 млн тонна жүкті құрайды. Оған қоса "Саржа" көпфункционалды теңіз терминалының құрылысы қолға алынды. 2030 жылға қарай Қазақстан порттарының қуатын 30 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
  • Қорларды ұлғайту және өңірлерді газдандыру жұмысын одан әрі жалғастыру үшін жаңа газ өңдеу қуаттарының құрылысы жалғасуда.
  • Мұнай тасымалдау дәліздерін әртараптандыру жөніндегі жол картасын іске асыру аясында осы жылдан бастап Баку – Тбилиси – Джейхан бағытында жаңа бағдар іске қосылды. "Қазақстан – Қытай" мұнай құбырын кеңейту бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Үкімет Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы барысы жөнінде есеп берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: