Сарапшы маман 2024 жылғы Қазақстан экономикасы өсіміне қатысты болжамымен бөлісті
Рысмамбетов Facebook-тегі парақшасында Қырғызстанмен арадағы шекарада индустриялық-логистикалық орталық салынып жатыр, Өзбекстанмен арадағы шекарада бірден бірнеше орталық бой көтереді деп жоспарланғанын, Өзбекстан-Қырғызстан және Қырғызстан-Тәжікстан арасындағы саудаға тікелей қатысу қажет болатынын жазды.
"Бұрын бұл бағытта біз әрекеттенген болатынбыз, бірақ сәтсіз уақытта. Қазір нағыз ойынның қызған шағы, сондықтан өнерімізді көрсетіп, бір жерде тәжірибе алмассақ, тағы бір жерде инвестиция жасауымыз керек. Мәселен, Өзбекстанда тауар өндірісі мен ауыл шаруашылығы тәуір, Қырғызстанда – ауыл шаруашылығы және алтын өндірісі бар, Тәжікстан да бірден бірнеше сала жақсы дамып келеді, ал Түрікменстан көмірсутек шикізатына басымдық береді. Бірақ мұндай сауда, өнеркәсіптік, өңірлік және тарихи одақ Қазақстан белсенді ат салысқанда ғана өміршең болуы мүмкін. Өйткені одақ елдерінің экономикасы көлемін салыстырудың өзі артықтау: Қазақстан – 265 млрд доллар, Өзбекстан – 90 млрд, Түрікменстан – шамамен 50 млрд, Қырғызстан – 12 млрд, Тәжікстан – 11 млрд долларды құрайды. Онда да мұның өзі 2023 жылы күтілетін өсім. Біз әртүрліміз, бірақ бір аймақтан боламыз", деп жазды ол.
Сапаршының айтуынша, бұл арада аймақтағы көшбасшылық туралы сөз болып отырған жоқ, біз тек тең ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу арқылы өсе алатынымызды дәлелдейтін әріптестік жауапкершілігін айтып отырмыз.
"Бұл ретте Өзбекстанның өз нарығын қорғау үшін жақсы негізі бар. Өйткені олар ДСҰ және басқа интеграциялық бірлестіктердің мүшесі болып табылмайды. Демек, Ташкент саудада қатаң шектеу шараларын қолданып, өз өндірісін импорттан қорғай алады. Бес мемлекет – біздің экономикамыздың бірін-бірі толықтыратын тұсы немесе қиылыспайтын секторлары бар, міне осының барлығын +С5-те пайдалануымыз керек".
Сондай-ақ Рысмамбетов Қазақстан 2023 жылды қалай аяқтайды, 2024 жылға қандай артықшылықпен жетеді деген сұрақтарға жауап береді. Онда экономикалық зерттеулер институты, Дүниежүзілік банктің сайтындағы деректерге сүйене отырып.
"2023 жылы ҚР жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 13,3 мың долларды құрайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13,4% немесе $30,2 млрд құрайды. Күрделі 2022 жылдан (+3,2% экономикалық өсім) 2023-ке аяқ баса отырып, біз аздап бейімделе білдік және 5% өсім ықтималдылығы бар. Біз үшін 5% экономикалық өсім +40 млрд долларды құрайды. 2022-2023 жылдардағы fixed capital investments (негізгі капиталға инвестициялар) көрсеткіші шамамен 60 млрд. доллар. Ал FDI ағыны (тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны) 2022 жылы 28 млрд долларды құрады. Биылғы жылы инвестициялар ағыны сол деңгейде қалыптасып отыр: 27-28 млрд доллар. IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіде Қазақстан 6-тармаққа көтеріліп, (2022 жылғы рейтингпен салыстырғанда) және әлемнің 64 елінің ішінде 37-ші орынға ие болды".
Ол экономиканы әртараптандыру шеңберінде, оның ішінде мемлекеттік қолдау арқылы жоспарланып отырған жобаларды да атап өтті:
- 2023 жылдың соңына дейін шикізаттық емес секторларда 1,6 трлн теңгенің 291 жобасы пайдалануға беріледі (оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде - 800 млрд теңгеден астам соманың 170 жобасы);
- Келесі жылы 4,6 трлн теңгенің 400-ден астам жобасын айналымға енгізу жоспарлануда;
"Өнеркәсіптік саясат туралы" заң шеңберінде ішкі қайта өңдеуші сала үшін биржалық бағадан төмен бағамен шикізатпен қамтамасыз ету тетігі іске қосылды. Мысалы, 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 20%-ға артық алюминий өндірілген: өсім 34,1 мың тоннадан 41 мың тоннаға дейін. 6,4 мың тонна мыс өңдеп, шығарылды (2022 жылы - 6,1 мың тонна).
- Ірі бизнестің қайта өңдеуші саланы қолдау жөніндегі міндеттемелері күшейтілуде (ШОБ белдеуін құру, жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты сатып алу механизмін реттеу, өткен жылы да іске асырылғандай ынталандыру шаралары шеңберінде қарсы міндеттемелер жүктеу және биыл Президент Жолдауында айтылған басқа да шаралар);
- 2024 жылы іске қосылған жаңа өндірістер негізгі салықтардан 3 жылға босатылады.
Ірі инвесторлармен жеке шарттарда келісімдер жасауға мүмкіндік беретін инвестициялық шарттар бойынша жаңа тетіктер енгізілді.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу кезінде салық заңнамасының 10 жылға тұрақтылығына кепілдік беріледі. Бұл келісімге қол жеткізу оңай бола қоймайды, бірақ бұл мүмкін нәрсе.
- "Бәйтерек" биыл жергілікті бизнеске 2,3 трлн теңге субсидия бөлді, оның ішінде тікелей қаржыландыруға 921 млрд теңге, коммерциялық банктердің субсидияланған қарыздары – 679 млрд теңге;
- Екінші деңгейдегі банктер алдында "Даму" 288 млрд теңгеге кепілдік берді;
Банктер мен лизингтік компаниялар арқылы жеңілдікпен берілген несие көлемі 436 млрд теңгені құрады.
"Өз басымнан өткен тәжірибеге сүйене отырып, "Даму" арқылы жолданған өтінімдер өте тез өңделеді, ал егер қандай да бір тежеліс болса, ол негізінен банктер тарапынан орын алады деп айта аламын. "Дамуда" тежеліс болады, егер лимиттен асқан болса. Ал экономикалық зерттеулер институты еліміздің ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 36,4%-ға жетті деп көрсетеді", - дейді экономист.
Батыс Қазақстан электр желілерін орталық жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұнымен KEGOC шұғылданады.
"Үкімет Ұлттық банк базалық сыйақы мөлшерлемесін төмендетеді деп үміттенеді, бірақ бұл Ұлттық банкке тікелей байланысты жайт емес. Бұл 2024 жылы төмендеуі мүмкін импорт құрылымы мен ФРЖ мөлшерлемесіне байланысты. Қазірдің өзінде мұны аңғаруға болады", - деп жазады Рысмамбетов желіде.
Оның айтуынша, жалпы, бізде 2024 жылы инфляция көлемін тежеп ұстау мүмкіндігі бар.
"Барлық қолайлы жағдайларды есепке алып, Үкімет дұрыс әрекетті дегенде шамамен 10%-дан төмен деңгейде".
Осылайша, 2024 жылға Қазақстан бұрынғыға қарағанда біршама дайын күйде қадам басады. Жалпы С5 нарығы өңірдегі көршілерімізге қарағанда Қазақстанға да қажет. Жүктердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы мәселесін одан әрмен қаузап, алға жылжу керек, бұл сөзсіз аймақтың игілігі үшін әділ ынтымақтастық болады.