Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен жаңа Салық кодексін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев, отандық бизнес өкілдері, кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 21:05 Сурет: akorda.kz
2023 жылы 20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиын барысында ұлттық экономиканы сапалы әрі орнықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, делінген Ақорда хабарламасында.

Атап айтқанда, кәсіпкерлер макроэкономикалық саясат, соның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеуге және экономиканың нақты секторына қолжетімді несие беруге қатысты пікірлерін ортаға салды.

Сурет: akorda.kz

Экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру аясында жүйелі цифрландыру, көлік-логистика саласын белсенді түрде дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толыққанды пайдалану, экономиканы индустрияландыру, әсіресе, отандық автомобиль өнеркәсібін ілгерілету мәселелері көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі айтылған ұсыныстардың барлығы жинақталып, нақты шаралар қабылданатынын айтты.

Сурет: akorda.kz


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: