2024 жылы коммуналдық қызмет тарифтері қалай көтеріледі
Сурет: pexels
27 желтоқсанда мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2024 жылы коммуналдық қызмет құнының көтерілуі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр тарифтерді көтеру мәселелері бойынша кейбір қоғамдық тыңдаулар өткенін атап өтті. Бұл ең әуелі коммуналдық инфрақұрылымы нашарлаған аймақтарға қатысты.
"Қызыл аймақта 87 табиғи монополия субъектісі болды. Ең шұғыл өтініштер мен талқылаулар өтті. Бұл аймаққа, субъектіге және нашарлауына байланысты".Әлібек Қуантыров
Барлық салада тариф көтеріледі.
"Энергетика, газдандыру, сумен жабдықтау, кәріз, жылумен қамту – бірақ бұның бәрі кезең-кезеңімен болады. Аймаққа, тозуына байланысты, 15-30 пайызға дейін болады. Бірақ әр өңірде әртүрлі".Әлібек Қуантыров
Стратегиялық тауарлар бағасының қымбаттауы мен электр энергиясының қымбаттауы – Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі. 6 қарашада 2023 жылдың екінші тоқсанында "Инвестицияға айырбас тарифі" бағдарламасын іске асыру аясында Ұлттық экономика министрлігі тарифтерді көтеруге 212 өтінімді мақұлдады. Бұл өтінімдерді коммуналдық кәсіпорындар – табиғи монополиялар субъектілері берген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript