Жаңалықтар тізбегі
0

Наурыздағы мейрам күндері қосымша үш пойыз жолға шығады

Жолаушылар тасымалы, қосымша пойыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 17:33 Сурет: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
Көктемгі мереке күндері ұлттық тасымалдаушы қызметі қосымша 30 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы 2024 жылы 5 наурызда "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз қолданысқа енгізіледі. Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

  • №201/202 "Астана-Алматы" жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Астанадан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 17:20-да келеді, кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;
  • №203/204 "Астана-Шымкент" жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 19, 22, 25 наурызда сағат 22:52-де келеді, кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнелтіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;
  • №205/206 "Ақтөбе-Шымкент" жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді, кері бағытта Шымкенттен 21, 24 наурызда сағат 22:20-да жөнелтіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.

Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер күні мерекесі мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалына сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.

Солтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

  • №45/46 "Павлодар-Түркістан" жолаушылар пойызына 7, 10, 20, 25 наурыз аралығында;
  • №139/140 "Павлодар-Пресногорьковская" жолаушылар пойызына 7, 11 ,21, 25 наурыз аралығында;
  • №354/353 "Астана-Семей" жолаушылар пойызына 7, 9, 21, 25 наурыз аралығында;
  • №623/624 "Астана-Петропавл" жолаушылар пойызына 8, 10, 20, 24 наурыз аралығында.

Батыс аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

  • №22/21 "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында;
  • №24/23 "Ақтөбе-Алматы-1" жолаушылар пойызы 7, 11, 21, 25 наурыз аралығында;
  • №34/33 "Ақтөбе-Алматы-1" жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында;
  • №37/38 "Маңғыстау-Семей" жолаушылар пойызы 8, 10, 22, 24 наурыз аралығында;
  • №47/48 "Атырау-Астана" жолаушылар пойызы 7, 9, 21, 23 наурыз аралығында;
  • №313/314 "Маңғыстау-Атырау" жолаушылар пойызы 7, 9, 20, 23 наурыз аралығында;
  • №614/613 "Орал-Маңғыстау" жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында;
  • №692/691 "Ақтөбе-Атырау" жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында.

Оңтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

  • №87/88 "Алматы-Сарыағаш" жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында;
  • №77/78 "Алматы-Маңғыстау" жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында;
  • №351/352 "Алматы-Өскемен" жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында;
  • №21/22 "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында.
"Қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталады. Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады"."Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі, "KTZH_PP_BOT" бот жеделхаттары, сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: