Жаңалықтар тізбегі
0

Сауда министрлігі су басқан өңірлерде азық-түліктердің бағасы қалай реттелетінін айтты

Азық-түлік, баға, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 19:19 Сурет: gov.kz
Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлия Әбдірахманова 8 сәуірде ОКҚ-да өткен брифинг барысында Қазақстандағы су тасқыны салдарынан қанша сауда нысаны зардап шеккенін және әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы қалай реттелетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасай отырып, барлық өңірлерде әлеуметтік азық-түлік бағасының нөлдік өсу пайызы тіркеліп отырғанын жеткізді.

"Министрлік су тасқынынан зардап шеккен 10 облыста азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды. Сауда нысандарында көшпелі ревизия жүргізілді, азық-түлік және ең қажетті тауарлар қорлары тексерілді. Алдын ала деректер бойынша су басқан өңірлерде 80 сауда нысаны зардап шекті. Павлодар облысында - бір, Қостанай облысында - 22, Ақтөбе облысында - тоғыз, Атырау облысында - 35, Батыс Қазақстан облысында - 13 нысан", - деді Әлия Әбдірахманова.

Оның айтуынша, залал сомасы нақтылануда. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

"Министрлік тұрақты негізде сауда желілерімен, үй жанындағы дүкендермен және көтерме сауда нүктелерімен өзара іс-қимыл жасайды. Күн сайын азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіледі. Министрлік ірі сауда желілерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда 8(7172)74-37-35 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз", - деді ол.

Айта кетсек, алдында Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны салдарынан жұқпалы аурулардың пайда болу қаупі арту ықтималдығы қандай екенін айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: